Ата-аналарға Z ұрпақты тәрбиелеуде қажетті ұсыныстар берілді. “Z ұрпақ: оқыту және тәрбиелеудегі психологиялық қиындықтар” тақырыбында ата-аналармен тренинг жүргізілді - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Мектеп психологтары Н.Б.Аширова мен К.К.Нургалиева тренинг барысында ата-аналармен жағдаяттарды талдап, оң жауабын таба алды.Ата-аналарға Z ұрпақты тәрбиелеуде қажетті ұсыныстар берілді. “Z ұрпақ: оқыту және тәрбиелеудегі психологиялық қиындықтар” тақырыбында ата-аналармен тренинг жүргізілді. Тренинг барысында X, Y, Z ұрпақтарының айырмашылықтары туралы айтылды. Z ұрпағының ерекшеліктері түсіндіріліп, олардың мобильді, тәуелсіз, әлемге шынайы қарайтын, интернетті егжей-текжейіне дейін білетін, қызығушылықтары мүлдем басқа тұлға екендігі түсіндірілді. Z ұрпағы теориядан гөрі тәжірибеге баса назар аударатын буын. Z ұрпағя - цифрлы балалар. Олар ғаламторды, түрлі қосымшаларды пайдаланып әлеммен байланыс жасайтын буын.