Ынтымақ пен бірлік егіз ұғым. Ынтымақ бар жерде бірлік бар ал, бірлік бар жерде ынтымақ бар. - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Ынтымақ пен бірлік егіз ұғым. Ынтымақ бар жерде бірлік бар ал, бірлік бар жерде ынтымақ бар. Бүгінгі Қазақстан халықтарының бірлігі күні құрметіне әлеуметтік педагог: Ашабекова Жазира Ашабекқызы 3 «Е» сынып оқушыларымен трениг өткізді. Мақсаты: оқушыларға ұйымшылдық, береке-бірлік, татулық туралы түсініктерін кеңейту. Ойын арқылы оқушыларға татулықпен береке-бірліктің мағынасын түсіндіру. Тренинг барысында оқушыларға татулық, ынтымақ, бірлікке негізделген ойындардан үлкен әсер алды. «Бірлік – берекеге, береке – мерекеге жеткізеді» деп дана халқымыз айтқандай, Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Тыныштық пен бейбітшіліктің талбесігінде тербелген халқымыздың татулығы мен бірлігі нығая берсін, еліміздің болашағы баянды, іргесі берік болсын! #4ТОҚСАН#ТУҒАНӨЛКЕМ# #Школьное_самоуправление #Өзінөзібасқару