ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 👏👏👏 Ұлытау облысында 3-4 сынып оқушылары арасында математика пәні бойынша облыстық кезеңде "Алтын сақа"олимпиадасы өткізілді - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Ұлытау облысында 3-4 сынып оқушылары арасында математика пәні бойынша облыстық кезеңде "Алтын сақа"олимпиадасы өткізілді.Аймақтық кезеңнен 1-2 орын алған оқушылар облыстық кезеңдегі олимпиадаға қатысты.Абай атындағы #4 мектеп-лицейінің 3"Б"сынып оқушысы Жакупова Жания облыстық кезеңнен 3 орынды иеленді, Әмірхан Мәди мақтау қағазымен марапатталды. Жакупова Жания "Зерделі ақыл-ойды дамыту"орталығында шапшаң есептеу арқылы көзге түсіп, 3 айлық грантты ұтып алды. Сынып жетекшісі: Махамбетова А.А. 4"А"сынып оқушысы Жаканов Азат 3 орын және Ашкенова Айсұлу 3 орынды иеленді. Сынып жетекшісі:Дюсембекова Б.С. Оқушыларымызды марапаттарымен құттықтаймыз!Талапты,талантты оқушыларымыз көп болсын!