«Телефонмен немесе жазбаша мина қойғаны туралы хабарлама алған кездегі іс-қимыл тәртібі» - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

«Телефонмен немесе жазбаша мина қойғаны туралы хабарлама алған кездегі іс-қимыл тәртібі» атты нұсқамасы өтті. Нұсқама толық ұжыммен ұйымдастырылды. Мақсаты: 1. Хатшылар (диспетчерлер, кезекшілер және т.б.) анониммен (хабар берген бейтаныс адаммен) берік байланыс жасауы керек. Ол үшін: 1) өзін таныстыруы (өзінің, әкесінің атын, лауазымын айтуы); 2) сөйлеушіні тыныштандыруға тырысуы; 3) оның талаптары дер кезінде әкімшілікке жеткізілетіндігіне сендіруі қажет.