«Лаңкестік әрекет жасалған кезде әрекет ету тәртібі» - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

«Лаңкестік әрекет жасалған кезде әрекет ету тәртібі» атты нұсқамасы өтті. Нұсқама толық ұжыммен ұйымдастырылды. Мақсаты: Лаңкестік жыл өткен сайын жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, тұрақсыздандырғыш сипатымен ерекшеленіп барады. Лаңкестік ұйымдардың жеке елдер мен өңірлер шеңберінде өзара іс-қимыл жасау тәжірибесі кеңінен таралып, мұның өзі халықаралық, өңірлік және ұлттық қауіпсіздікке төнетін лаңкестік қауіп-қатерлердің жалпы әлеуетін күшейтуде. Халықаралық лаңкестікке қарсы науқанның кеңінен етек алуына қарамастан, халықаралық лаңкестік ұйымдар күштерін қайта топтастырып, қоныс орындарын ауыстырып, қайткенде де қызметтерін жандандыра түсуге тырысып бағуда. Бүгінде терроризм елдер мен тұтас өңірлердің қауіпсіздігін тұрақсыздандырып, халықаралық қатынастардың қалыпты дамуына кедергі келтіретін аса қатерлі жаһандық сынаққа айналды. Аталмыш дүниелердің алдын-алу.