«Абайлаңыз балалар» атты Республикалық жедел профилактикалық аясында оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің еліміздің заң бар екенін айту және оқушыларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу мақсатында мектеп педагог-психологтар: Н.Б. Аширова, К.К. Нургалиеваның ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік қарым-қатынас» атты тақырыпта 7«Е», 9 «А» сыныптардан тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына оқушылар белсенділікпен қатысып, өз ойларын еркін жеткізді. Оқушыларға жадынамалар таратылды. Оқушылардың көңіл-күйлері жағымды болды.