Құқық бұзушылық туралы бейнеролик көрсетіліп пікір алмасты - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

 Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.Осыған байланысты 5 «Г» сыныбында «Құқықбұзушылықтың алдын алу» атты сынып сағаты өтті.Сынып жетекші Акинова Н.М. Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі туралы жалпы мағлұмат берілді. Құқық бұзушылық туралы бейнеролик көрсетіліп пікір алмасты. Рефлексия «Пікір ағашы» - қатысушылар өз пікірлерін, ненің ұнағанын, ненің қиын болғанын айтты.