«Ақылың көркіңе сай болсын десең» - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

29 наурыз күні “Сырғалым” үйірмесінде 9 ”А” сынып оқушыларымен «Ақылың көркіңе сай болсын десең» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шара мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамытуға баулу. Оқушы қыздар шаттық шеңберіне тұрып, өздерінің есімдеріне ерекше сөз тіркестерін қосып айтты. Мұғалім оқушы қыздарға ақылы көркіне сай қыздың бейнесін суреттеп беруді ұсынды. Кездесу барысында қатысушы қыздар тарапынан тақырыпқа деген қызығушылықтары, белсенділіктері оянды. Соңында мұғалім оқушыларға майшаммен реклаксация өткізді. Оқушылар мұндай іс – шаралардың жиі өткізіліп тұруын ұсынды.