«Ұлттық ойын - ұлт игілігі» - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

«Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ де дене шынықтыру пәні мұғалімдері Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай «Ұлттық ойын - ұлт игілігі» атты ұлттық ойындар жарысын өткізді. Жарыс кезінде мынадай ұлттық ойындар ойнатылды: - Бестас - Асық ату - Кір тасын көтеру - Қолкүрес - Арқан тартыс Ұлттық ойындар 7, 8, 9, 10, 11 сыныптар арасында өткізілді. Мақсаты: Балалардың денсаулығын шынықтыра отырып, қимыл әрекеттерін жетілдіру. Ұлттық, тұрмыс, салт - дәстүрі туралы әсерлерін толықтыру. Ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыру мақсатында қазақ халқының тіршілік әрекетіне байланысты ұлттық ойындарды ойнауға үйрету.