Наурыз мерекесіне орай 1 «Г» сыныбы «Арымысың, әз Наурыз» атты тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткізілді. Сынып жетекшісі: Мусаева Акмарал Айсауытовна