Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1сәуірден басталады.
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл-білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.
Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:
✅ Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
✅ Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
✅ "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅3х4 көлемдегі 2 фото;
Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.