Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өз жалғасын табуда
2023 жылдың 2 - наурызда «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-нін «Сәтбаев дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Жагипаров Еркебулан «Абай атындағы №4 мектеп- лицейі» КММ оқушыларымен «Діни экстремизм - бейбітшілік пен тұрақтылыққа төңген қауіп» атты тақырыпта ашық диалог өткізді. Жастарға жалған терроризмнің қоғамға төндіретін қаупі туралы ақпарат беріліп, аталған құбылыстың қылмыстық жауапкершілікке алып келетіндігі жөнінде баса айтылды. Сонымен қатар, зайырлы мемлекет ұғымы түсіндіріліп, деструктивті-радикалды топтардың шырмауынан сақтану жолдары жөнінде кеңестер берілді.