"Жаратылыстану-Математика" - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

"Жаратылыстану-Математика" әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында Көркем Еңбек пәні мұғалімі Абуова Ж.К. "Collage" тақырыбында 8 "Г" сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Үш тілділік - заман талабы. Бұл сабақтың ерекшелігі - оның қазақша, орысша, ағылшын тілдерінде өтуі және жарамсыз, қоқысқа кететін журнал қағаздарынан көркем шығарма жасауы. Оқушылармен қатар, ұстаздар да Коллажды бірге жасап, қазағымыздың бай дастарханы мен Әз Наурыздың көрінісін шығарды. Сабақ өте жоғары деңгейде өтіп, мұғалім шәкірт ықыласына бөленді.

"Жаратылыстану-математика" әдістемелік бірлестігінің апталық аясында информатика пәні мұғалімдері: Смаилова Н.К. Тоганова А.Б.
Қалмағанбет Г.А. бірлесіп, 6 сыныптар арасында "InfoBilim" атты интеллектуалды ойының өткізді. Мақсаты: Оқушыларға пәнге қызығушылығын дамыту, жылдам ойлау дағдыларын қалыптастыру, тез шешім шығара білу қасиетін жетілдіру.
Сабақ бірнеше бөлімдерден тұрды. Сайыс соңында топтар марапатталды.