Сәтбаев қаласының Төтенше жағдай бөлімінің инженер-лейтенанты Тыныбеков Нұрболат Базаралыевичпен кездесу ұйымдастырылды - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Кездесу барысында төтенше жағдайларды болдырмау және алдын алу шаралары туралы ақпарат айтылып, қауіпсіз тәртіп ережелері үйретілді. Төтенше жағдайларда болуы ықтимал апат оқиғаларында өздеріне, төңіректегілерге жәрдем көрсете білудің қарапайым жолдарын меңгеріліп,қосымша ақпараттандыру парақшалары таратылды. Мектепте өрт кезіндегі эвакуация ережесі таныстырылды. Төтенше жағдай кезінде оқушыларды эвакуациялау дайындығы өтті. Өрт шыққан жағдайда дереу 101 телефоны бойынша өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды шақыратындығы туралы айтты. 112 нөміріне қоңырау шалу тіпті SIM-карта болмаған жағдайда да ұялы телефоннан мүмкін екендігі және нақты мекен-жайы мен қабатын көрсету және мүмкіндігінше бір адам оларды қарсы алу қажеттігі жайлы ескертіп кетті. Сонымен қатар, оқушылар маман иесінен пайдалы ақпарттар алып, өз ойларын ортаға салып өзара сұрақ-жауап алмасты.