Түркістан халықаралық саяси апталығының бас редакторы-Бауыржан Бабажанұлымен кездесу өтті - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

“Өнегелі өмір» жобасы аясында Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің түлегі, философия докторы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Айқын-Литер» ЖШС директоры, «Аманат» партиясының медиа холдинг басшысы –Егембердиев Ысқақ Дүйсембайұлы және белгілі ақын, жазушы, Түркістан халықаралық саяси апталығының бас редакторы-Бауыржан Бабажанұлымен кездесу өтті. Қонақтар оқушылармен өздерінің жетістік формуласымен бөлісті, шығармашылықтарынан өлең оқып, кітап оқудың маңызына тоқталды. Оқушылар еңбек жолы, балалық шағы, өмірлік ұстанымы туралы ашық сұхбаттасты. Кездесу өте әсерлі өтті. #өнегеліөмір #оқуғақұштармектеп