16.11-17.11 күндер аралығында мектепте ата-аналар мен ұстаздар арасында педконсилиум болып өтті. - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Алдымен барлық сыныпта ата-аналар жиналысы өтіп, балаларының оқу үлгерімімен танысты. Белгілі бір пән бойынша сұрақтары бар ата-аналар өз балаларына сабақ беретін пән мұғалімдерімен жүздесіп, олардың білім деңгейі, әр жазба жұмысының нәтижелері мен тоқсан қорытындылары, мінез-құлқы туралы пікір алысты. Ұстаздар өз тарапынан алдына келген әр ата-ананың сұрақтарына жауап беріп, баласының сабаққа ынта-ықыласы, қызығушылығы, жауапкершілігі т.с.с. мәселелер туралы пікірлерін білдірді. Ата-аналар проблемалық мәселелері, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап тапты. Екіжақты түсінушілікпен өткен педконсилиум оқушылардың білім-білік дағдыларын жетілдіру мақсатына құрылды. Ата-аналар ерекше формада ұйымдастырылған шараға ризашылықтарын білдіріп тарасты.