Кәсіптік бағдар беру-жоғары немесе орта кәсіптік білім беру мекемелерімен бірлесе отырып, оқушылардың келесі оқу деңгейіне бірқалыпты көшуін және дайындығын қамтамасыз ету.Осы мақсатта 23 қараша күні «Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде» Қарағанды қаласы Бөкетов атындағы Университеттің қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Жумагельдин Жанайдар Шаймерденович пен менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Ескерова Замира Аубакировна 11 сынып оқушылармен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында университет жайлы мағлұмат беріп, бейнероликтер көрсетілді. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алды.
https://sh4-satpaev.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/1519-k-siptik-ba-dar-beru-zho-ary-nemese-orta-k-siptik-bilim-beru.html#sigFreeId51b7faaee7