2022 жылдың 26 мамыр күні Сәтбаев қаласының білім бөлімі «Әдістемелік қоржын» қалалық педагогикалық шеберлігі байқауын ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты: Ең үздік әдістемелік өнімді анықтау. Байқаудың қорытындысы бойынша «Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ педагогтері қатысып марапаттарға ие болды. «Үздік педагогикалық өнім» номинациясы бойынша көркем еңбек пәні мұғалімдері Акинова Насипкуль Мухтаровна және Альмуханова Алмагуль Айтжановна Алғыс хатпен марапатталды. «Экологиялық сауаттылық» жобасы бойынша бастауыш сынып мұғалімі Мизамбаева Тыныштык Кушербековна Алғыс хатпен марапатталды. «Зейін» жобасы бойынша биология пәні мұғалімі Әбжамил Қызғалдақ Жағыпарқызы І дәрежелі Дипломмен марапатталды. «Экологиялық сауаттылық» жобасы бойынша география пәні мұғалімдері Абдикерова Назымкул Ерсултановна, Капишова Кымбат Капишовна, Сауленбекова Жулдыз Сериковна І дәрежелі Дипломмен марапатталды. «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша «Қазақ тілі және әдебиет» пәні бірлестігінің мұғалімдері І дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
https://sh4-satpaev.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/1487-distemelik-orzhyn.html#sigFreeIde8ed7aa95e