«Жеке қауіпсіздік» - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Балалар жылы аясында “Абай атындағы # 4 мектеп - лицейі” КММ - нің мектеп педагог - психологы : К.К. Нургалиева және әлеуметтік педагог: А. Ж. Ашабекованың ұйымдастырумен оқушыларға өмірде өзіне сенімді болуға, өмірді сүюге, бағалай білуге, құрметтеуге шақыруға және өмірдің құндылықтарын түсіндіру мақсатында “Өмір қымбатсың маған! “ атты тақырыпта кеңестер берілді. Оқушылар белсенділікпен өз ойларын еркін жеткізіп, жағымды көңіл - күйде болды. Бүгінгі күні біздің балаларымыз толығымен қауіпсіз және қорғалған деп ешкім толық сенімділікпен айта алмайды, сондықтан оқушыларымен «Жеке қауіпсіздік» тақырыбында әңгіме жүргізді. Сондай-ақ ол олардың әрқайсысында кез келген жағдайда өзін қалай қорғау керектігі туралы ақпарат берді.