"Абай атындағы № 4 мектеп – лицейі" КММ-де жас мамандармен, сондай-ақ жаңадан келген педагогтармен жұмыс дәстүрлі түрде жүргізіліп тұрады - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету, кәсіби құзіреттіліктерін арттыруға жағдай жасау, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне жауапкершілікпен қарауға баулу мақсатында директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары Н.В. Валанчунайте мен Г.А. Кышамбаеваның ұйымдастыруымен "Мұғалімнің шеберлігі - оқу керек мамандық" атты семинар – практикум өткізді. Жұмыс "ынтымақтастық", "заманауи көзқарас", "табыстылық критерийлері"атты үш бағыт бойынша жүргізілді. Жас мамандар өздерінің әдістемелік қоржынын жұмыстың белсенді әдістерімен толықтырып, біраз тәжірибе алмасты. Жас мамандарға мектеп әкімшілігі мен педагог-тәлімгердің теориялық білімді жүзеге асыру сұрақтарында, кәсіби шеберлігін арттыруға көмек көрсетілді.