Тазалық денсаулық - негізі - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық апталығы аясында 6-7 сыныптың қыздары арасында "Тазалық денсаулық - негізі" атты кездесу болып өтті.Кездесуді биология пәні мұғалімі Қ.Ж.Әбжамил өткізді. Кездесуге қалалық емхана ТОО "ЛЕКЕРОВА" акушер гинеколог маманы Корганбекова Ләззат Дулатовна қатысып, қызықты ақпараттарымен бөлісті. Қыз баланың жасөспірімдік кезеңінде ағзасында болатын өзгерістерін атап көрсетіп, жеке бас гигиенасын, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес берді. Адам ағзасына зиянды заттардың әсері туралы бейнебаян көрсетілді, ситуациялық жағдайлар талқыланып, түрлі сұрақтар қойылды. Қыздар келген қонақтарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып тың жауап алды.