Абай-дана, Абай-дара қазақта - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Абай атындағы #4 мектеп-лицейінде "Абай-дана, Абай-дара қазақта" атты үгіт-насихат топтарының байқауы болып өтті. Мәдени іс-шараның мақсаты: ұлы ақынның өмірімен таныстыру, ақынның даналығын дәріптеу, рухани асыл мұраларын насихаттау. Сайыста оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған тәлімді шараның маңызы зор болды.
Бас жүлдені 5”А” сыныбы, жетекшісі: Мұқанова Г.М жеңіп алса, жүлделі 1-орынды 5”А” орыс сыныбы, жетекшісі:Кондратова А.Б және 5”Б” сыныбы, жетекшісі: Досанова И.К иеленді.
Жүлделі 2-орынды 5” В” сыныбы, жетекшісі: Алмаганбетова П.Б және 5”Г” сыныбы, жетекшісі: Смаилова Н.К бөлісті.