Сәтбаев қаласы білім бөлімінің мәжіліс залында «Әлеуметтік - психологиялық сүйемелдеу зертханасы аясында түзету – дамыту жұмыстарындағы үздік әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасу» тақырыбында «Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ нің әлеуметтік педагогы Ашабекова Жазира мен педагог-психологы Нургалиева Кенжекүлдің ұйымдастыруымен қалалық семинар-тренинг өткізілді. Семинар барысында психологтардың жұмыс барысындағы үздік тәжірибелері ұсынылып, оқушылармен өткізілген іс-шараларынан бейнебаяндар көрсетілді. Бірлесіп жұмыс атқару барысында нәтижеге қол жеткізіп отырған №4 мектеп мамандары жоғары деңгейде тренинг ұйымдастырып, психологтардың белсенділігін арттырып, түрлі ойындар өткізді. Өз пікірлерін білдірген мектеп психологтары жоғары көңіл күймен тарасты. Психологиялық кеңестер жаднамасы үлестірілді. Семинар соңында білім бөлімінің әдіскері Дана Ерманқызы осындай семинарлар психологтарымыздың қоржынына жаңа идеялар салатындығы және бірге бас қосып бірлігіміздің артатындығы жөнінде сонымен қатар қазіргі таңдағы психологтардың атқарып жатқан жұмыстарының жақсы деңгейде келе жатқандығын айтып, мектеп психологтарын алғысын білдірді.