“Менен сұрақ, сенен жауап”
“Цифрлық әлем” ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығының аясында 2 “Д”, 2 “Е” сынып оқушыларымен бірлесіп “Ақпараттық сауаттылық - бүгінгі заман талабы” тақырыбында сайыс сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға ақпараттық технология және оны пайдалану туралы толық мәлімет бере отырып, информатика пәніне қызығушылығын арттыру.
Сайыс сабақ 3 кезеңнен тұрды. “Менен сұрақ, сенен жауап”, “Ой талқы”, “Ой түйін” кезеңдерде оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын айтты. Сабақ соңында белсенділік танытқан оқушылар марапатталды.