"Цифрлық әлем"
"Цифрлық әлем" цифрлық сауаттылық апталығының жоспары бойынша мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері Калел Ғидат Кәлелқызы мен Кудайбергенова Аида Қанатқызының ұйымдастыруымен "Сіз ғажайыпсыз!" атты тренинг өтті.
Мақсаты: Ұстаздар арасындағы психологиялық ахуалды нығайту. Ситуациядан шыға білуге және өзін-өзі әрдайым көтеріңкі көңіл-күйде ұстауға баулу. Топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Тренинг екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде түрлі тапсырмалар мен қызықты ойындар ойнатылды. Екінші бөлімде жұмыс парағын әзірлеу мен құрудың бірнеше онлайн сервис құралдары бар екені көрсетілді. Соның ішінде Wordwoll платформасы-оқу тапсырмаларын жасауға арналған көпфункционалды құралы жайлы түсіндірілді. Жылдам және виртуалды болып жатқан әлемде мұғалімнің міндеті уақытқа сай даму және дидактикалық қоржынын жетілдіру мақсатында бірнеше тапсырмалар құрастырылды.