"Абай атындағы мектеп-лицейі" - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

"Абай атындағы мектеп-лицейі" кітапханасы ұсынады. "Цифрлық сауаттылық" апталығына орай ата-аналар мен оқушылардан ақпараттық технологияның дамуы қоғамға қалай әсер еткені туралы сауалнама алынып, нәтижесін қортындылайтын болсақ зиянды және пайдалы жақтары айтылды. ХХІ ғасыр –компьютер заманы. Сондықтан өскелең ұрпақтың виртуалды әлемді жан-жақты меңгергеніне қуанамыз. Алайда ақпараттық технологияның жақсы немесе жаман болуы оны қалай қолдануымызға байланысты екенін ұмытпайық. Ақпараттық технологияны білімге, ілімге пайдалануға шақырамыз. Ал кітап дегеніміз – білімнің бас құралы. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтіп, рухани жан дүниені оятып, ақылшы серік болып табылатын құрал. Кітап – өмірлік ұстаз. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс.