«Сандық әлемде өзіңізді қалай қорғауға болады?»
03.02.2022 ж. «Цифрлық әлем» цифрлық сауаттылық апталығының жоспары бойынша 3 «Б» сынып оқушыларымен «Сандық әлемде өзіңізді қалай қорғауға болады?» тақырыбында сынып сағат өтті.
Мақсаты: Интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау. Оқушылардың интернет туралы толық ойын, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру. Сабақта топтық, жұптық «Фильворд» және «Крестики – нолики» әдістері қолданылды. Оқушылар сабақ барысында сабаққа белсенді қатысып, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.