"Цифрлық әлем"
01.02.22ж. "Цифрлық әлем" апталығы аясында Н.Қ.Смаилова Powtoon бағдарламасының жүргізілу барысы жайлы әріптестеріне түсіндіре отырып үйретіп өтті. Қазір информациялық қоғамның қалыптасуының негізгі бағыты информация және оны өңдеу ұғымы болып табылады. Қазақстанда соңғы жылдары компьютерлік технологиялардың қарқынды дамуы арқасында анимациялық бағдарламалар көптеген жерлерде қолданылуда. Powtoon бағдарламасында сабақтарды дайындауға көптеген шаблондар қолданылады және де көптеген анимациялық мүмкіндіктерге қол жеткізуге көмектеседі. Сондай-ақ, мұғалімдерге жаңа сабақ түсіндіру барысында тиімді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады.Ссабақта мүмкіндіктерін тиімді пайдалану оқушылардың танымдық әрекеттерін, белсенділіктерін дамытып, оларды шығармашылыққа, ізденушілікке жетелейді. Оқушының ізденушілігін арттырып алдына қойған өз ісіне сенімін нығайтады. Сабаққа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, белсенділігі күшейтеді.