«Математика айналамызда» - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

«Математика айналамызда» математика сауаттылық апталығы аясында ғылыми жобалар байқауы ұйымдастырылды. Ғылыми жұмыс жасаудағы мақсаты оқушылар жобада математиканың өмірдегі байланысын, үйлесімділігін көрсете біліп, ойларын жеткізген. Өз мүмкіндігіне қарай зерттеу, дәлелдеу, салыстыру, қорытынды жұмыстарын жасады.Материалдарды жинақтап, ұтымды пайдалана білген. Оқушылар жобалар жасауда көп ізденгені, өзінше ойлана білгені байқалды. Жобаларды жасауда әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана білген. Тақырып өте кең болғандықтан, өзекті мәселені жан-жақты қамти отыра, мәселенің түйінін тауып, дәлелдеу жолдары қарастырылған.