26.01.2022 күні оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін өмірде қолдана алуға бейімдеу мақсатында 7 “В”,7”Г” сыныптарында «Мега математика» тақырыбында интеллектуалды сайыс жүргізілді - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

26.01.2022 күні оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін өмірде қолдана алуға бейімдеу мақсатында 7 “В”,7”Г” сыныптарында «Мега математика» тақырыбында интеллектуалды сайыс жүргізілді.
Сайыс кезеңдеріндегі берілген тапсырмалар оқушылардың бағдарлама бойынша математикалық білімдерін және математикалық сауаттылықты дамытатын, жалпы білім алуға деген қызығушылықтарын оятатын, логикалық ойлау қабілеттерін арттыратындай болды.
Жарыс барысында болған «Бәйге», «Жорға», «Аударыспақ», «Теңге алу» кезеңдері оқушылардың ең көп таңдаған бөлімдері болды. Оқушылар зияткерлік ойында өте белсенді қатысып, сұрақтарға дұрыс, нақты жауап берді.