26.01.2022ж."Математика айналамызда" атты математикалық сауаттылық апталығы аясында 3-сыныптар арасында бастауыш сынып мұғалімдері: Г.М.Саменбаева мен А.А.Дарбызбаеваның ұйымдастыруымен "Математикалық эстафета" интеллектуалдық-танымдық ойыны болып өтті.
Мақсаты: Танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл-ой деңгейін қалыптастыру, логикалық ойлауын дамыту, байқағыштық пен шапшаңдығын арттыру. Ойын барысында оқушылар белсенділік танытып,білімдерімен күш сынасты. Ойын қорытындысында барлық сынып оқушылары марапатталды.