"Математика айналамызда" атты математикадан сауаттылық апталығы аясында 25-қаңтарда 1"А" сынып оқушыларына бастауыш сынып мұғалімі Маденова Э.Қ. математикалық танграм ойынын өткізді - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

"Математика айналамызда" атты математикадан сауаттылық апталығы аясында 25-қаңтарда 1"А" сынып оқушыларына бастауыш сынып мұғалімі Маденова Э.Қ. математикалық танграм ойынын өткізді. Мақсаты: Танграм туралы ақпарат бере отырып, логикалық ойлауын және геометриялық пішіндер туралы білімдерін дамыту. «ТАНГРАМ» сөзі қытай тілінен аударғанда сөзбе-сөз «шеберліктің жеті тақтайшасы» - ойжұмбақ дегенді білдіреді. Ол жеті жазық пішіннен тұрады, оны белгілі бір әдіс бойынша бүктеу арқылы әлдеқайда күрделі пішін (адам, жануар кейпін бейнелейтін, үй тұрмысы заты, әріп немесе сан және т.с.с.) алу үшін қолданады.
Танграм:
📌Басқатырғыш ойлау деңгейін дамытуға септігін тигізеді;
📌Ереже бойынша ойнауды және нұсқаулықты орындауды үйретеді;
📌Көрнекі - бейнелі болжауды, елестетуді, назар салуды үйретеді;
📌Түсті, өлшемді және пішінді, түйсікті, комбинаторлық қабілеттілікті түсінуге үйретеді.