“Математика айналамызда” апталығы аясында “ Жаңашыл ұстаз - сапалы білім” тақырыбында мұғалімдер арасында шеберлік сағаты өткізілді. - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Үйрете жүріп үйрену арқылы кәсіби шеберлікке … «Маған айтып берсең - ұмытып қаламын, Көрсетсең - есте сақтармын, Ал өзіме жасатсаң - үйренемін! » Конфунций. “Математика айналамызда” апталығы аясында “ Жаңашыл ұстаз - сапалы білім” тақырыбында мұғалімдер арасында шеберлік сағаты өткізілді. Шеберлік сағатының басты мақсаты - білім беруде оқыту мен оқу қызметін жақсарту, тиімділігін арттыру, нәтижеге бағыттау. Шеберлік сағатында математика пәні мұғалімдері Досанова И. Қ. сабақтарда бейне материалдарды пайдалану тиімділігі туралы және бейнесабақтарды түсіру, YouTube каналға жүктеп оқушылармен бөлісу тәжірбиесімен, Арипбаева А.Е. ойын - сервистерін құрастыру, сабақтарда тиімді әрі қызықты пайдалану тәжірибелерімен бөлісті. Шеберлік сабақ барысында түрлі идеялар ортаға салынды. Қатысушы пән мұғалімдері жақсы пікірлерін білдіріп, алғыстарын жеткізді.