«Математика айналамызда» математика сауаттылығы апталығы - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының және Сәтбаев қаласы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес Сәтбаев қаласы «Абай атындағы №4 мектеп-лицейі»КММ «Математика айналамызда» математика сауаттылығы апталығы аясында жоспарға сай өз жұмысын бастады. Апталық мақсаты: Математикалық мәдениетті қалыптастыру, математикалық сауаттылықты дамыту, ашық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу арқылы педагогтар мен оқушылардың шеберлігін жетілдіру.Апталық аясында оқушылар арасында «Математика айналамызда» шығармашылық байқауы, мұғалімдер арасында «Бейне сабақтарды қалай түсіру шеберлік сағаттары, математикалық вояж, математикалық эстафета,білім ринг, жылдам оқу және санау, жоба қорғау атты іс-шаралар өткізіледі. Апта соңында апталыққа белсене қатысқан оқушылар марапатталады.