"18 қаңтар күні бастауыш сынып мұғалімі А.Т.Агибаева 4 «А» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәнінен алған білімдерін жаңа мақсатқа тиімді пайдалана білуге және оқушылардың өзіне берілген еркіндікті дұрыс жүзеге асыра отырып, мәтін жазуға үйрету мақсатында шағын шығармашылық диктанттың бірі – «Бестік» диктанты жүргізілді. Бестік диктант А.Байтұрсынұлының « Мен оқуға қалай бардым?» шығармасы бойынша алынды. Диктант моделі : 1 2 3 4 5 Сөз - сөйлем - сұрақ - жауап - жазу Әр оқушы осы диктант моделі бойынша берілген тақырыпта өз мәтіндерін жазды. Бестік диктантының тиімділігі: -қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәндері бойынша білімдері жетіледі; -әр оқушы жеке,дербес жұмыс жасайды. Диктант жұмыстарын жүргізу барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге болады: *оқушылардың өзіндік дербес іс-әрекетке дағдылануы жетіледі; * сөздік қорлары молаяды,жазба жұмыстарына төселеді; •алған білімді тәжірибеде тиімді қолдана алуға мүмкіндіктері болады;
/-1/15/2