«Абай атындағы №4 мектеп – лицейі» кітапханасында Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі бойынша 4 «В»,«Д» сынып оқушыларымен әдеби таным сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушылардың әңгімені арқау ете отырып, кейіпкерлердің іс-әрекетін түсіну, әңгімеге қызығушылықтарын ояту, ой айта білуге іздендіру, өз ойларымен бөлісу. Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы жайлы таныстырылып, одан әрі «Көксерек» фильмі көрсетілді. «Көксерек» повесі тақырыптық ерекшелігі жағынан бітімі бөлек шығарма. Әңгіме сол дәуірде үлкен бағыт алған адам – табиғат тақырыбына құрылған. Шығарма қазақтың қарапайым қойшы баласы – Құрмаш пен табиғаттың рөліне көшкен көксерек жайлы. Оқушылар шығарма желісі бойынша адам мен табиғат арасындағы қарама – қайшылықтар туралы ой қозғады. Жазушының шығармаларын қоғам болып насихаттау, көпшіліктің ісі болып табылады. Сондықтан іс-шара жалғасын таба бермек.