Сәтбаев қаласы, Абай атындағы 4 мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Токбаева Айжан Серікбаевна мезгілсіз уақытта дүниеден өтті. Айжан Серікбаевна саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиелеу жолына арнаған білікті маман, аяулы ұстаз, қадірлі дос, жанашыр әріптес, асыл жар. Айжан Серікбаевна 1996 жылдан өмірінің соңына дейін мектебімізде өз шәкірттерін білім нәрімен сусындатып үлкен өмірге жол ашқан ардақты да, аяулы ұстаз.
Еңбек жолында адамгершілік тұтқасын биік ұстаған, адалдықты ту еткен, ата - ана, мектеп, оқушы арасындағы ынтымақты нығайтуда әрбір шәкірт жүрегінен орын тапқан білікті де білімді, жан-жақты, шығармашыл, қадірлі ұстаз Айжан Серікбаевнаның жарқын бейнесі, өнегелі өмірі, әрбір ісі әріптестерінің, ата-аналарының, шәкірттерінің жадында мәңгілікке сақталады. Бақұл бол, аяулы ұстаз…