Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының және Сәтбаев қаласы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес Сәтбаев қаласы «Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ «ХХІ ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры!» оқу сауаттылығы апталығы аясында жоспарға сай өз жұмысын бастады.
Апталықтың мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру негізінде гуманитарлық пәндердің мүмкіндіктерін анықтай отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын, жеке, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Апталық аясында Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз"атты интеллектуалдық сайыс, бестік диктанты, Quizizz тест, «Ахмет –ұлт ұстазы» тақырыбында оқу сағаты, «Кітап –жан азығы» буктрейлер байқауы, М.Әуезовтің «Көксерек» шығармасы бойынша әдеби-таным сағаты, мұғалімдер арасында «Эссе-менің өз ойым», «Заманауи мұғалім тұлғасы-адал ұстаз», «Оқушыны табысқа жетелейтін əдіс-тəсілдер» атты шеберлік сынып өткізіледі. Апта соңында апталыққа белсене қатысқан оқушылар марапатталады.