Құрметті Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің ата –аналары, оқушылары және ұстаздары!
Өңіріміздегі эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты 3-тоқсандағы оқу үрдісін ұйымдастыру 2022 жылғы 14 қаңтардағы №2 Қарағанды облысының бас дәрігерінің қаулысына сәйкес келесі форматта ұйымдастырылады.
600 оқушыдан аспайтын контингенті бар мектептер штаттық форматта оқиды;
балалар контингенті 600 адамнан асатын мектепте штаттық форматта 1 және 2-сыныптар оқиды;
600 - ден астам оқушылар контингенті бар мектепалды даярлық топтары, 3-5 сыныптар кезекші сыныптарда оқиды;
вакцинацияланған және толық вакцинация курсын аяқтаған оқушылар оқу орны әкімшілігінің қалауы бойынша штаттық режимде рұқсат етіледі;
қосымша білім беру ұйымдарында – штаттық режимде - жеке сабақтар, топтық – 10 адамға дейін, бұл ретте мүмкіндігі шектеулі балаларға/ересектерге арналған түзету орталықтарында /кабинеттерде – 8 адамға дейін – штаттық режимде, 8 және одан да көп адамнан онлайн форматта жеке және топтық сабақтар жүргізілетін болады.