"Вейп - денсаулыққа өте зиян" атты облыстық апталық аясында 6Ж сыныбында "Вейп және оның зияны" сынып сағаты өтті. Сынып сағатына Сәтбаев қаласының полиция бөлімінің майоры С.Б.Тастағанов қатысты.Сынып сағатында оқушыларға "Вейп несімен қауіпті?, "Вейптің құрамы қандай адам?" бейнероликтер көрсетілді.Оқушылар салауатты өмір салты туралы класстер жасады.Сынып сағатының соңында полиция майоры С.Б.Тастағанов оқушылармен темекінің зияны, жасөспірімдердің темекі шеккені үшін қандай жаза алатындары туралы айтты.