10 желтоқсанда Қарағанды облысының білім басқармасы дәстүрлі түрде жыл сайын өткізетін педагогикалық қоғамдастықтың, білім беру қызметкерлері кәсіподақтары және басқа да ұйымдардың белсенді қатысуымен «Жыл мұғалімі» облыстық байқауының ақтық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты: педагог мамандығының мәртебесін арттыру, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру.
Облыстық байқауға арнайы мамандандырылған мектеп-интернаттар, аудандық/қалалық кезеңдердің іріктеу кезеңінің 9 жеңімпаздары қатысып, "Абай атындағы №4 мектеп-лицейі" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сарсенова Айнур Куралбековна жүлделі І орын иегері атанды.
Құттықтаймыз!!!