«Арайлы, алтын күз» - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде  ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай әр жыл сайын өткізіліп, дәстүрге айналған «Алтын күз» күзгі бал кеші өткізілді. 
Күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізе отырып, өздеріне ерік беріп, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа, достыққа, жауапкершілікке баулу мақсатында ұйымдастырылған кеш  жоғарғы деңгейде өтті. Аталмыш іс-шарада 7-8 сынып оқушылары қамтылды, әр сыныптан бір жұп күз ханзадалары мен ханшайымдары қатысты. Сайыс кезеңдері 4 кезеңнен қамтылып, 13 жұп қатысты. Әділқазы алқасының шешімімен жүлделі 3-орынды 8 "А" сыныбы, 2-орынды 7 "А" сыныбы, 1-орынды 8 "Б" сыныбы иеленсе, бас жүлдені 7 "В" сынып оқушылары жеңіп алды. Мектеп әкімшілігі оқушыларды қолдап,  байқауға төрелік  етіп,  жеңімпаздарға демеушілік  жасаған Казакмыс Корпорациясы енбеккерлері Бригадирлер кенесі қоғамдық бірлестік төрағасының бірінші орынбасары @shumaevadinara
Шумаева Динара Давлаталиқызына, жеке кәсіпкер @maiya.cosmetics
Сагинтаева Майя Мергенбайқызына алғыс білдіреді.
Байқауға қатысып, белсенділік танытқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз. Марапаттарыңыз құтты болсын.