Баубек Бұлқышевтің туғанына 105 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ұлытаудың ұланы» атты аймақтық мәнерлеп оқу байқауында 14 оқушы қатысты - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл, жауынгер-жазушы, публицист Баубек Бұлқышевтің туғанына 105 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ұлытаудың ұланы» атты аймақтық мәнерлеп оқу байқауында 14 оқушы қатысып, «Абай атындағы №4 мектеп лицейінің» 11 А сынып оқушысы Дүкенбай Мақсат Қадырұлы I дәрежелі Дипломмен, 10 А сынып оқушысы Маменова Арайлым Ерболқызы III дәрежелі Дипломмен марапатталды. Қатысушыларымызға марапат қағаздарымен бағалы сыйлықтар табыс етілді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!