Қазақстан тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың музыкалық қабілеті баршаға аян. Белгілі бір жиындарда қолына домбыра алып, күй шертуі, нақышына келтіріп ән орындауы, әнге сөз жазуы Елбасының шығармашылыққа деген ерек көзқарасы мен қабілеті барын көрсетеді. Бүгін бірінші желтоқсан Қазақстанда Тұңғыш президент күніне орай Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйікті әндеріне арналған "Көңілдің асыл пернесі" атты шығармашылық кеш өтті. Байқау жас дарындардың шығармашылық қабілетін қолдауға, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сүйікті әндері арқылы ұлттық құндылықтарды сақтауға және жастарды рухани жағынан байытуға бағытталған. Байқау қорытындысы бойынша
жүлделі I орынмен – 6 «Ж» сыныбы марапатталды. II орынды – 6 «Б» сыныбы, III орынды – 6 «Е» сыныбы иеленді.
#ҚОББТӘРБИЕ
#сәтбаевбілімбөлімі
#ТӘУЕЛСІЗДІККЕ30ЖЫЛ
#30jyl
#QAZAQSTAN30 #MENINQAZAQSTANYM #qazaqstan30jyl
https://sh4-satpaev.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/1044-k-ildi-asyl-pernesi.html#sigFreeIdb66e4345ab