МЕН ӨМІРДІ ТАҢДАЙМЫН!! - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

1 Желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында 7"А"сынып оқушылары "МЕН ӨМІРДІ ТАҢДАЙМЫН!!!" атты іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға Жезқазған қаласы ЖИТС орталығының маманы Беспаева Гүлнұр Есмұратовна, Абай атындағы № 4 мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгерим Билимжановна, мектеп пихологы Нургалиева Кенжегуль Көпбергеновна қатысты. Іс-шараның мақсаты — ЖИТС-тің жұғу жолдары, алдын-алу шаралары, сақтану жолдары, жат әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға үйрету. Іс-шара барысында оқушылар жауапкершілікпен өнерлерін көрсетті. Ән айтып, би билеп, ойындар ойнап, ситуациялық жағдаяттар талқылады, көріністер көрсетті. ЖИТС орталығының маманы Гүлнұр Есмұратқызы оқушыларға құнды мағлұматтар беріп, естелікке ретінде сыйлықтарын ұсынды.
#ҚОББТӘРБИЕ
#сәтбаевбілімбөлімі
#ТӘУЕЛСІЗДІККЕ30ЖЫЛ
#30jyl
#QAZAQSTAN30 #MENINQAZAQSTANYM #qazaqstan30jyl