"Абай атындағы №4 мектеп-лицейі" КММ өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 29.11.2021 жыл сайын 1 желтоқсанда аталып өтетін Дүниежүзілік АИТВ-инфекциясына және ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған «Dance 4 life!» флешмобы өтті - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Флешмобқа 7 сынып оқушыларынан құралған флешмоб топтары қатысты. «Dance 4 life!» флэшмобы хореографиялық шығармашылықты қолдау және танымал ету, көркемдік-эстетикалық талғамды тәрбиелеу, балалар мен дарынды жастардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, қолдау және дамыту мақсатында жүзеге асырылды. Сонымен қатар, іс – шара Жезқазған ЖИТС орталығының маманы Е.Г.Беспаеваның қатысуымен өтті.
Жарыс нәтижесінде III орынды – 7"В" сыныбы, II орынды -7"Б" сыныбы о/б және жүлделі I орынды – 7"Д" сыныбы иеленді.
Флешмоб жарқын, қызықты әрі эмоцияларға толы болды.