Бағыттар бойынша іріктеу 4 кезеңнен тұрды.
1. Book trailer (Буктрейлер) «Біздің сүйікті кітабымыз» номинациясы бойынша отбасылар оқуға ұсынылған 30 кітаптың ішінен өздеріне ұнаған кітаптары бойынша буктрейлер жасап, бейнеролик түрінде ұсынды.
2. Фотоколлаж. «Менің отбасым және кітап» тақырыбындағы фотоколлаждарын ұсынды.
3. Буккросинг. «Өзің оқысаң, өзгеге табыс ет!» номинациясы бойынша отбасылар оқыған кітаптарын ауызша түсіндіре отырып, оқуға ұсынды
4. Блиц-сұрақ. Оқуға ұсынылған кітаптар бойынша сарапшылар тарапынан сұрақтарға жауап берді.
Барлық кезеңнен сүрінбей өткен Серік отбасын құттықтаймыз!
#Оқырман_отбасы_2021