«Әзіл-қалжың минуттары» - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

«Әзіл-қалжың минуттары» Міне, бүгін, 2023 жылдың 14 ақпанында балабақшаның кіші топ бүлдіршіндері үшін тренингтер өтті. Балалар ертегі кейіпкерлеріне ұқсап, логикалық тапсырмаларды орындады! Ал, ортаңғы топ балалары ертегіге саяхат жасап, ойын, би жаттығулары арқылы кейіпкерлерге көмектесті. Психология апталығы аясындағы мұндай жұмыстардың тиімділігін балалардың жарқын эмоциялары, көмектесуге дайындығы көрсетеді. Педагог-психолог: Каткенова Е.С.