«Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ
«Қойылған жарылған зат туралы жазбаша қоқан лоқы көрсету кезінде оқулар өткізу» атты нұсқама
2022-2023 оқу жылы
2023 жылы 04 сәуір күні «Қойылған жарылған зат туралы жазбаша қоқан лоқы көрсету кезінде оқулар өткізу» атты нұсқамасы өтті. Нұсқама «Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ-де мектеп директоры Г.Т.Иманбаева, АӘД пәнінің мұғалімі А.Мұратбек 1-2-9-10-11 сынып білім алушылары, пән мұғалімдері техникалық қызметкерлер, медбикенің қатысуларымен террористік акт кезіндегі қауіпсіздік шараларына арналған оқу – жаттығу ұйымдастырылды. Сонымен бірге, террористік актілердің алдын алудағы 10 іс – қимыл туралы баяндалды.
Атап айтқанда:
Мұқият болыңыз! Үйіңіздің кіреберісіндегі, ауладағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.
Қырағы болыңыз! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз затқа көңіл аударыңыз.
Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз: кіреберіске домофон мен темір есік орнатыңыз, үй шатырлары мен техникалық бөлмелер есіктерінің жабдығын тексеріңіз.
Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, есік ашуға, жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын үйретіңіз.
Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыз! Көлікпен жүру кезінде қауіпсіздікке толық құқыларыңыз бар.
Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтауға немесе басқаға беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыз.
Адам аз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты байқау сіздің сақтығыңызды әлсіретпеуі тиіс. Қаскөй адам оны бір нәрседен, біреуден қорыққандықтан тастап кетуі мүмкін.
Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тәжірибеңіз болса да, оған жақындамаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал және айла мен қулыққа толы болып келеді.
Күдік тудыратын затқа жақындамаңыз, тіпті қол тигізбеңіз, бұл – өміріңізге өте қауіпті.
Кез-келген жағдайда келесі телефондарына хабар беріңіз: 102, 112
https://sh4-satpaev.edugov.kz/kz/auipsizdik-sharalary/1798-ojyl-an-zharyl-an-zat-turaly-zhazbasha-o-an-lo-y-k-rsetu-kezinde-o-ular-tkizu.html#sigFreeId166400060b