Жарылғыш құрылғыға ұқсас бөгде затты тапқан кезде әрекет ету тәртібі мен қағидалары - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

«Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ

«Жарылғыш құрылғыға ұқсас бөгде затты тапқан кезде әрекет ету тәртібі мен қағидалары» атты нұсқама

2022-2023 оқу жылы

2022 жылы 30 қараша күні «Жарылғыш құрылғыға ұқсас бөгде затты тапқан кезде әрекет ету тәртібі мен қағидалары» атты нұсқамасы өтті.  Нұсқама толық ұжыммен ұйымдастырылды.

Сәтбаев қаласының төтенше жағдай бөлімінің инженер-лейтенанты Тыныбеков Нұрболат Базаралыұлымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында төтенше жағдайларды болдырмау және алдын-алу шаралары туралы ақпарат айтылып, қауіпсіздік тәртіп ережелері үйретілді. Төтенше жағдайлар болуы ықтимал апат оқиғаларында өздеріне, төңіректегілерге жәрдем көрсете білудің қарапайым жолдарын меңгеріліп, қосымша ақпараттандыру парақшалары таратылды.

Мектепте өрт кезінде эвакуация ережесі таныстырылды. Төтенше жағдай кезінде оқуышарды эвакуациялау дайындығы өтті. Өрт шыққан жағдайда дереу 101 телефоны бойвнша өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды шақыратындығы туралы айтты. 112 нқміріне қоңырау шалу SIM-карта болмаған жағдайда да ұялы телефоннан мүмкін екендігі және нақты мекенжайы мен қабатын көрсету және мүмкіндігінше бір адам ұарсы алу қажеттілігі жайлы ескертіп кетті.

Сонымен қатар, оқушылар маман иесінен пайдалы ақпараттар алып, өз ойларын ортағы салып, өзара сұрақ-жауап алмасты.